Алматыда екі қабатты ескі үйлер бұзылады
Қалалық билік бес жыл ішінде мыңдаған ескі екі қабатты үйлерді бұзуға ниетті
Бұзылған ғимараттардың алаңына жаңа үйлер салу жоспарлануда, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сонымен бірге кәсіпкерлер құрылыс жұмыстарына 320 млрд теңге инвестиция салуға дайын.
- Бұл үлкен алаң, олар алты ауданның бесеуінде бар. Бұл жеке инвестиция болғандықтан қоныс аудару қаупі жоқ және кез-келген инвестор ақша мен тәуекелділікті қарастырады. Қазір мәселелерді жан-жақты қарастырып жатырмыз, - деді «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік компаниясы» басқармасының төрағасы Мұхит Әзірбаев.
Сүрілген үйлердің орынына салынатын көпқабатты үйлер келесі жылдың соңына дейін пайда болмақ.