Қазақстанда ҰБТ және ОЖСБ өзгереді
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов ҰБТ мен ОЖСБ-да орын алған өзгерістер туралы айтып берді
Қазақстан Бірыңғай ұлттық тестілеуге және оқу жетістіктерін сырттай бағалауға өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды "Қазақпарат" сайты.
- Маңызды мәселелердің бірі – сынақтардың өзгеруі. Бізде ҰБТ мен ОЖСБ бар. Мұғалімдердің осы төңірегіндегі сұрақтары орынды. Олар "Білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізіп, функционалдық сауаттылыққа, қолдануға, ойлау дағдыларына назар аудару қажет дейсіздер, алайда мектептердегі ҰБТ немесе ОЖСБ кезінде ақпаратты есте сақтауға және көбейтуге бағытталған сұрақтар басым" екенін айтады, - деді Асхат Аймағамбетов.
Мұндай көзқарасты өзгерту үшін Білім министрлігі ҰБТ және ОЖСБ пішімін емес, тесттің мазмұнын өзгертеді. Сынақ сұрақтары "қашан және қай жылы" сұрағына жауап бермей, "қалай және неге" сұрақтарға жауап беретін болады.
- Балалардың ойлай білуі, өз білімдерін қолдана білуі және сараптай білуі маңызды , - деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.