Павлодарда студенттерге заңдық кеңес беретін орталық жұмыс жасай бастады
Студенттерге кеңес беретін заң орталығында құқық қорғау органы, прокуратура, сот мамандары мен адвокаттар көмек көрсетпек
Заң орталығы Еуразиялық инновациялық университетінің Павлодар қаласындағы колледжінде ашылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.
- Студенттердің құқық қорғау және заң қолдану саласында жұмыс істейтін мамандардың өзінен кеңес алғаны өте пайдалы болмақ, - дейді Павлодар мамандандырылған ауданааралық соттың қылмыстық істер жөніндегі судьясы Құдабай Сұлтанов.
Тақырыптар:
Юридический центр для студентов Инновационный Евразийский университет в Павлодаре Образование в Казахстане