Қарағандыда World Press 2018 Photo фотосуреттерінің көрмесі өтіп жатыр
Фотожурналистердің үздік жұмыстарының жыл сайынғы World Press Photo көрмесі өткен жылдың маңызды оқиғаларын көрсетеді
Көрмеге 2018 жылы әлемнің 125 елінен 4,5 мың фотографтың 73 мыңға жуық фотосуреті қатысты, деп хабарлайды Қазақпарат сайты.
Осы жылы жеңімпаздар мен жүлдегерлердің саны 42 адамды құрады. Қазақстандағы көрмені Нидерланд елшілігі, Сорос-Қазақстан Қоры және "Еркіндік" қоғамдық қоры ұйымдастырды.
- Нидерланды елшілігі үшінші рет Қазақстандағы World Press Photo көрмесін ұйымдастырып отыр. Сөз бостандығы көздің ашылуымен басталады, - деді Қазақстандағы Нидерланды елшісі Дирк Ян Коп.