"Болашақ" стипендиясы Қазақстанның бренді деп аталды
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақ" халықаралық стипендиясының 25 жылдығымен бағдарламаның түлектерін құттықтады
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Шәкіртақының мерейтойына орай "Адами капитал - жаңғыру негізі" форумына қатысушылар алдында Қазақстан Республикасы Президентінің құттықтау сөзін оқып берді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА-ның сайты.
- Мен сіздерді "Болашақ" халықаралық стипендиясының 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Елдің ширек ғасыр бойы жас таланттарына қолдау көрсетіп келе жатқан "Болашақ" стипендиясы Қазақстанның халықаралық бренді болды, - деді Президент.
Шәкіртақы 1993 жылы құрылды және сол уақыттан бері 13 мыңға жуық қазақстандық шетелде білім алды. Бүгінгі таңда "Болашақ" стипендиясы бойынша оқыған түлектер білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым және техника саласындағы жүздеген ғылыми жобаларды іске асыруда және жақсы нәтижелерге қол жеткізуде.