Петропавлде туристік көрме өтуде
Солтүстік Қазақстан облысында "Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудың жаңа тәсілдері мен тенденциялары" атты туристік көрме ашылды
Көрме XV Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастық форумының аясында өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.
Биылғы форум туризмді дамытуға арналған. Көрмеде 40-тан астам экспонат өз өңірлерінің ерекшеліктерімен таныстырады.
- Форумның тақырыбы үлкен интеграциялық потенциалға ие. Әр өңірде туристерді таңғалдыратын орын бар. Біздің облыстағы ерекше аймақ - Имантау-Шалқар курорты. Өңірге туристер көптеп келуі үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек. Бізде емдік қасиетке ие екі көл бар. Бүгін және ертең туристік ағынның артуы үшін тағы не істей алатынымызды талқылаймыз, - деді Қ.Ақсақалов.