Астанада латын қарпінде бүкілхалықтық диктант өтеді
14 қараша күні өтетін латын графикасына негізделген бүкілхалықтық диктантқа 50 мың адам қатыспақ
Аталмыш шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынысы бойынша өтеді. 14 қараша күні Астана қаласының мектеп оқушылары, студенттер мен мұғалімдер, ЖОО және орта оқу орындарының оқытушылары, сонымен қатар мәдениет, спорт, медицина, коммуналды шаруашылық, энергетика саласының қызметкерлері диктант жазуға қатыса алады.
Айта кетейік, шараға 15 жастан асқан кез келген азаматтың қатысуға мүмкіндігі бар.
- Диктанттың бекітілген мәтіні 80-90 сөзден тұарды. Аудиожазба арқылы "Шалқар", "Қазақ радиосына" беріледі. Диктантты жазуға 30 минут уақыт беріледі. Ал барлық жазылған жұмыстар арнайы орында тексерілетін болады, - деп түсіндірді Астана қаласының Тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасы.