Өскемен
ясно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +22°
$
439.43
-2.23
473.31
-1.83
¥
60.98
-0.02
4.82
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда "Жас ұлан-2018" әскери әндер фестивалі өтіп жатыр

Қазақстанның Қарулы Күштерінде "Жас ұлан – 2018" армиялық әндердің мерейтойлық ХХ республикалық фестивалі басталды

Фестивальдің негізгі мақсаты шақырылуға дейінгі, шақыру және армиялық жастарға, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әскери-патриоттық тәрбие беру, көркемөнерпаздық армиялық орындаушылар мен ұжымдардың шығармашылық өсуіне жәрдем көрсету болып табылады. 

400-ге жуық конкурсант "Жас ұлан – 2018" армиялық әндер фестиваліне қатысуда.

Фестивальдің шарттары бойынша барлық қатысушыларды бірқатар өлшемшарттар бойынша, яғни, әскери тақырыптағы шығармаларды, қазақстандық сазгерлердің немесе орындаушылардың, жеке (авторлық) музыкалық шығармаларды, фольклорлық жанрдағы шығармаларды орындауларын бағалайды. Фестивальдің қатысушылары вокал, аспаптық топтар мен би ұжымдары үш номинация бойынша өнер көрсетеді.

Мемлекет басшысының бастамасы бойынша 2019 жыл жастар жылы болып жарияланды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев бойскауттық қозғалыстың аналогиясы бойынша "Сарбаз" балалар-жасөспірімдер бірлестігін құруды, мектептердегі әскери-патриоттық тәрбие рөлін күшейтуді тапсырды. Бүгінгі "Жас ұлан" ХХ республикалық фестиваліне қатысушылар, тәуелсіз Қазақстанның жас патриоттары, болашақ Отан қорғаушылар аға буынның үмітін ақтайтындарына сенеміз, - деді "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысы республикалық штабының төрағасы, ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов. 

Следующая →