Өскемен
малооблачно
+13°
  • Өскемен
    +13°
  • Алматы
    +23°
  • Астана
    +17°
  • Ақтөбе
    +28°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +28°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +16°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +25°
  • Шымкент
    +26°
$
447.25
485.18
¥
61.77
4.96
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстан Илан Масктың зымыранымен ғарышқа спутник ұшырмақ

Қазақстан Falcon 9 зымыран-тасығышымен Калифорниядан екі спутник ұшырмақ

Бұл туралы қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

- Вице-министр Астанадағы "Digital Bridge" халықаралық инновациялық форум кезінде хабарлағандай, Қазақстанның 150-ден астам инженері Еуропа, Англия және Ресей кәсіпорындарында тағлымдамадан өткен. Бәрі дұрыс болса, 19 қарашада екі спутник ұшырамыз, - деп мәлімдеді Нұрғожин.

Бұдан бұрын белгілі болғандай, Қазақстан биыл Falcon 9 зымыран-тасығышымен ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесінің екі спутнигін ұшыруды жоспарлап отыр. Біріншісі – Жерді алыстан зондтау микроспутнигі, оны қазақстандық және британдық мамандар жасап жатыр. Екіншісі – отандық өнеркәсіп жасап шығарған ғылыми мақсаттағы аппарат. Нано-кластық спутник Жердің ионосферасын зерттейді.


Следующая →