Kaspi Bank-тің банкротқа ұшырағаны туралы WhatsApp желісінде таралған ақпарат жалған болып шықты
ҚР Ішкі істер министрлігі банктің банкротқа ұшырағаны туралы жалған ақпарат жіберген тұлғаларды анықтауға кірісті
WhatsApp желісінде Каспий банктің банкротқа ұшырағаны туралы таралған хабарламалар шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Қазақпарат сайты.
- Тұрғындар WhatsApp желісі арқылы тағы да Каспий банктің банкротқа ұшырағаны туралы жалған дыбыстық хабарламалар ала бастады. Осыған байланысты ел тұрғындарынан арандатушылыққа сенбеуді сұраймын. Хабарламалар шындыққа жанаспайды. Естеріңізге сала кетейін, жалған ақпарат тарату үшін еліміздің заңнамасында қылмыстық жауапкершілік көзделген. Таралған ақпаратқа қатысы барлардың барлығы жазаланатын болады, - деді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев.