Алматыда "Алтын Жүрек" сыйлығының қорытындысы шығарылды
Алматыда "Алтын жүрек" жүлдесі тапсырылып, еліміздің басты қайырымдылық жасаушыларының аттары аталды
Алматы қаласында қайырымдылық аясындағы "Алтын Жүрек" сыйлығының биылғы басты үздік номинанттары анықталды. Биыл барлығы 300 өтінім келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.
Биыл сыйлыққа 300 өтініш берілді, оның 150-ін жеке адамдар тапсырды. Қазылар алқасы 12 аталым бойынша 36 үміткерді таңдап алды.
- Сыйлық қоғамда қайырымдылық пен ізгіліктің басты рөль атқаратынын өз ісімен дәлелдеген адамдар мен ұйымдарға беріледі, - деп атап өтті шараны ұйымдастырушы "Бауыржан" қорының өкілдері.
"Денсаулық сақтауға қосқан үлесі үшін" аталымында Қарағанды қаласының профессоры Роза Әлімханова жүлдеге ие болдық. Айта кетерлігі, 2017 жылы ол "Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы" жобасының тізіміне еніп, жылдың үздік өнертапқыш әйелі атанған болатын.
- Мен еңбегімді жоғары бағалаған сыйлықты ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Мен өмір бойы елімізді мүгедек балалар болмаса екен деп армандағанмын. Мен ортопедия - туабітті қозғалыс-тірек аппараты патологиясын емдеумен айналыстым. Сондықтан мен отасыз, гипс таңуынсыз, әлемде баламасы жоқ емдеу тәсілін ойлап таптым, - деді жүлдені тапсыру кезінде Роза Әлімханова.
Сыйлыққа ие болған жеңімпаздардың толық тізімі:
1. "Қазақстанның дамуына үлес қосқаны үшін" Ольга Батутина мен Илья Байғабұлов (Ресей, Мәскеу)
2. "Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін" Асылбек Қожахметов (Алматы)
3. "Денсаулық сақтауға қосқан үлесі үшін" Роза Әлімханова (Қарағанды)
4. "Ардагерлерге көрсеткен құрметі үшін" Сейдахмет Қалтаев
5. "Жыл ұйымы" «Харекет» қоры (Алматы)
6. "Ақпараттық қолдаушы" www.bestdoctor.kz порталы (Астана)
7. "Жыл мецанаты" Сергей Глушков (ШҚО)
8. "Спортты дамытып және оны қолдағаны үшін" Арман Мәшімов (Семей)
9. "Қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін" "Тазалық" экологиялық жобасы (Алматы)
10. "Жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін" Гүлнәр Қабылбекова (Алматы облысы, Үштөбе қаласы)
11. "Жылдың қайырымды адамы" Болат Өтемұратов (Алматы)
12. "Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін" Нұржан Әлжанова (Алматы).