Қазақстанда магистратураға қабылдау үрдісі өзгереді
2019 жылдан бастап Қазақстанда магистратураға қабылдаудың жаңа үрдісі қолданылады. Өйткені бұған дейінгі жүйе оқу орындарының басшылары арасында жемқорлықты күшейтті
Қазіргі уақытта магистратураға ЖОО ректорлары бекіткен комисси қабылдайды. Бұл жемқорлық қауіпті арттырады. Өйткені гранттар ақы арқылы бөлініп кетуі мүмкін.
- 2019 жылдан бастап магистратураға қабылдау ережелері де бакалавриатқа баламалы түрде болады. 2018 жылы 17 мамандық бойынша магистратураға кешенді тестілеу арқылы қабылдау технологиясы пилоттық режімде жүргізілген. Кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша талапкерлерге балы көрсетілген сертификаттар табысталды. Сол сертификат негізінде ЖОО таңдай алады, - деп мәлімдеді Бақытжан Сағынтаев.