Алматы облысында қайырымдылық автокеруені ұйымдастырылды
Алматыоблысы Панфилов ауданының Іскер әйелдер кеңесі алғаш рет кең көлемде қайырымдылық автокеруенін ұйымдастырды
Акция үш күн жалғасты, деп хабарлайды "Қазақпарат" ХАА сайты.
Бұл уақытта бизнес-бикештер 13 ауылдық округті аралап шыққан. Олар 71 аз қамтылған отбасыларға ең қажетті азық-түлік салынған қораптар сыйға тартты.
Атаулы көмек Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі берген тізім бойынша жасалды.
- Барлық ауылдық округтерді аралай отырып, алғаш рет осындай кең көлемді қайырымдылық шарасын жүргізіп отырмыз. Бұл тек көмек емес, қайырымдылық қадамы деп білемін. Біз бұл отбасылармен кездесіп, тілдескіміз келді, - дейді "Ирада Балық" ЖШС директоры Сүриям Изимова.