Алматыда Сандық күз бастау алды
Шара музыкалық құралдардың орнына смартфондар қолданылған ерекше концертпен басталды
Сандық күздің ашылуында Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері сахнаға ерекше аспаптар алып шықты, деп хабарлайды "Қазақпарат" ХАА сайты.
Сандық музыка арнайы қосымшаның көмегімен жасалған. Яғни, телефонның орнынан байланысты дыбыстар өзгеріп отырған.
Сандық күз – бұл түрлі бағыттағы барлық композитор, орындаушылар, әртістер мен зерттеушілерді жинап, оларға заманауи техникалық қолдау көрсету.
Сандық күз аясында барлығы сандық тематикадағы 10 секция өтеді. Оған француз әртістері де қатысады. Олар шеберлік сыныптары мен кездесулер аясында қазақстандық студенттер, әртістермен бірлесіп жұмыс істейді.