ҚР ІІМ жүргізушілерге ескерту жасады
Синоптиктердің болжамына сәйкес, елдің кей аймақтарындағы жолдарда көктайғақ орын алады
ІІМ өзінің ресми Facebook парақшасында көлік жүргізушілерін аса абай болуға шақырды.
- Синоптиктердің болжауынша жақын күндері елдің кей аймақтарында қар жауып, жолдарда көктайғақ болады леп болжайды. Осыған орай, көлік жүргізушілері білім беру орындары, қоғамдық көлік аялдамалары, жаяу жүргіншілер өткелі сынды орындарда аса абай болып, жылдамдық, ара қашықтық пен өзге де талаптарды сақтауға мән берулері керек. Ал жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқандар сулы және тайғақ тас жолда автокөліктің тежегіш жолы арта түсетіндігін ескерулері керек, - делінген хабарламада.