Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Мысырда қазақ тілі ресми түрде оқытылатын болды

Қазақ тілі университет бағдарламасына пән ретінде алғаш рет енгізілді. Бұл туралы Қазақстанның Египеттегі елшісі Арман Исағалиевтің Каир университетінің ректоры Мохаммед Әл-Хоштоммен кездесуі барысында нақтыланған

Университетте әдебиет факультетінің ашылып, ондағы пәндердің қазақ тілінде жүргізілуіне үлес қосқан Қазақстан елшісіне ректор алғысын білдірді. 2018-2019 жылдардан бастап Қазақстан тарапы еліміздің университеттерінен Египет азаматтары үшін 18 стипендия бөлді.

Іргесі 1908 жылы құрылған Каир университеті Таяу Шығыстағы ең ірі "Әл-Азхар" университетінен кейін екінші орында. Бүгінде оқу орнында 20 факультет, 10 ғылыми-зерттеу институты, 1 обсерватория, 2 аурухана және 10 медициналық орталық бар. Әлемдік рейтингте жоғары позицияны ұстанатын университет фармацевтика саласы аясындағы оқу орындарынан алғашқы жүздікке, медицина саласы бойынша үздік 250 университеттің қатарына, инженерлік сала бойынша үздік екі жүздікке және химия саласы бойынша үздік 300 университеттің қатарына кірген.

Следующая →