Қазақстандықтар Еуропа алаяқтарының құрбаны болуда
Полицейлер азаматтарға Еуропада таралған интернет-алаяқтық туралы ескертеді. Себебі, қазірдің өзінде құрбандар қатарында Қазақстан азаматтары бар
Еуропалық алаяқтар LinkedIn кәсіби әлеуметтік желісін пайдаланады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
Алаяқтар компания басшылығы туралы ақпаратты анықтағаннан кейін олардың атынан бағынышты тұлғаларға белгілі бір шотқа соманы аудару туралы хат жазады.
Олар түпнұсқадан тек бір әріп немесе символ айырмашылығы бар жалған электрондық пошта мекенжайларын пайдаланады. Барлық қажетті ақпаратты LinkedIn әлеуметтік желісі арқылы алады.