Енді egov.kz порталы арқылы айыппұлдарды тексеруге болады
Қызмет жеке тұлғаларға ЭЦҚ арқылы қолжетімді
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ egov.kz порталында әкімшілік айыппұлды тексеру бойынша қызметтің іске қосылғаны туралы хабарлайды, деп жазды Zakon.kz сайты.
Енді азаматтар онлайн режімде Әкімшілік құқықбұзушылық туралы анықтама ала алады.
Қызмет паспортына сәйкес анықтама 15 минут ішінде, қосымша тексеру жүргізілген жағдайда – 3 (үш) жұмыс күні, шетелге шыққан жағдайда – 5 (бес) жұмыс күні ішінде өңделеді.
Бұл қызмет тек нақты уақытта төленбеген әкімшілік құқықбұзушылықтарды көрсетеді, сондай-ақ олардың төлеу кезеңі бір жылдан кемірек уақытты құрайтын төленген айыппұлдарды да көрсетуі мүмкін.