Зейнетақы қоры 15 компанияны сотқа берген
Елімізде 20-ға жуық жеке компания Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының алдындағы берешегін өтемей жүр
Серіктестіктер қорға 40 миллиард теңгеге жуық қарыз, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Қазірде олар 15 компаниямен соттасып жатқандарын жеткізді. Соның ішінде әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскендердің қатарында "Астана жылжымайтын мүлік" акционерлік қоғамы да бар. Құрылыс компаниясы зейнеткерлердің ортақ қорына 1 миллиард 700 миллион теңгені бермеген.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2014 жылдан бері осындай әдіспен 17 миллиард теңгені өндіріп алыпты. Енді барлығы 20 кәсіпорыннан 37,5 миллиард теңге қайтарылуы тиіс.