Оралда 80-нен астам қару-жарақ жойылды
Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бұйрығы бойынша «ҚазАрмаПром» ЖШС зауытында 83 түрлі тәркіленген қаруды жойып, жағып жіберді
Іс-шара барысында 59 аңшылық қару-жарақ, 21 газ тапаншасы, 3 жарақат қаруы жойылды, деп хабарлайды Қазақпарат сайты.
Осы қару-жарақтардың кейбіреуі полиция тарапынан тәркіленді, ал кейбіреулері тұрғындарға ерікті түрде табыстауғаберілді.
Қаруды пешке жандырмас бұрын Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары бастаған комиссия мұқият тексерді.
Аймақтағы тапсырылған немесе тәркіленген қаруды тоқсан сайын жою жоспарланып отыр.