Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстан соты француз журналисіне айыппұл салды

Жаңаөзен туралы фильм түсіруге келген француз режиссеріне айыппұл салынды

Ақтау әкімшілік соты Франция азаматы, Ligne de Front студиясының режиссері, журналист Венсан Прадоға "Қазақстанның көші-қон туралы заңын бұзғаны" үшін 60 мың теңге (шамамен 165 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салды. Маңғыстауға 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы туралы фильм түсіруге келген режиссер өзіне тағылған айыппен келіспейді, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Маңғыстау облысына 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы туралы деректі фильм түсіруге келген франциялық Ligne de Front студиясының режиссері, журналист Венсан Прадоны қыркүйектің 27-і күні таңертең Ақтау қаласында жергілікті полиция ұстады. Ақтаулық азаматтық белсенділер Венера Попова, Нұрияш Әбдірайымовалармен кездесіп, сұхбат алып тұрған шетелдік азаматтың құжаттарын тексерген соң, полиция қызметкерлері оны Маңғыстау облыстық көші-қон полициясы басқармасына алып барған. Сол жерде алты сағат ұстап, Маңғыстауда "уақытша жұмыс істеуге рұқсат алмаған" француз режиссерінің үстінен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған.

Судья Гүлмира Сүйеуова Венсан Прадодан неліктен Жаңаөзен қаласына бармақшы болғанын және неге нақ сол адамдармен кездескісі келгенін сұрады. Шетелдік режиссердің жауабын естігеннен кейін судья Сүйеуова Винсен Прадоны "Қазақстанда уақытша еңбек етуге рұқсаты болмаса да жұмыс істегені" үшін айыпты деп танып, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 517-бабының 5-тармағына сай оған 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (60 мың теңге, шамамен 165 АҚШ доллары) айыппұл салды.

Сот шешімін жариялаған соң судья шетел азаматынан "Айыбыңызды мойындайсыз ба?" деп сұрады.

- Өзімді кінәлімін деп санамаймын. Менің алған аккердитациям бар, заңды бұзғаным жоқ. Бірақ сот шешімін орындаймын, - деді Венсан Прадо.

Следующая →