Алматы әуежайында антитеррорлық жаттығулар басталды
Алматы қалалық терроризммен күрес бойынша шұғыл штабы әуежайда жүргізілетін жоспарлы жаттығулар туралы ақпараттандырды
27 қыркүйек күні Алматы қаласындағы халықаралық әуежай аумағында жоспарлы антитеррорлық жаттығулар өтеді, деп хабарлайды "Қазақпарат" ХАА сайты.
- Жаттығулардың мақсаты – террорлық әрекеттерге осал нысандарда террорлық қауіп төнген жағдайда жасалатын іс-әрекеттерді пысықтау. Жаттығулар әуе көлігіндегі террорлық актілердің жолын кесудің механизмін жетілдіруге бағытталған, - деп хабарлайды штаб.
Азаматтардын тыныштық сақтап, қауіпсіздік шараларын сақтау және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырады.