Қазақстанда ұрланған телефондар бақыланатын болады
Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ұялы телефон ұрыларымен күресу бойынша мекеме қабылдаған шаралар туралы айтып берді
Қазақстанда ұрланған ұялы телефондарды анықтау бойынша шаралар қабылдануда, деп хабарлайды Zakon.kz сайты. Ұрланған ұялы телефондар Қазақстанның аумағында пайдаланылмайтындай жағдай жасалады.
- ЖСН ұсынғанға дейін және барлық төлқұжат мәліметтерін ұсынғанға дейін телефон бұғатталады. Сондықтан ұрланған ұялы телефондар енді шетелде сатылады деген дұрыс пікір. Біз бұл жұмыстарды білеміз, қазір алдын алу шаралары жүргізілуде, - деді ҚР ІІМ басшысы.
Бұдан басқа, Қазақстанда ұрланған телефонның қайда және қандай елде қосылғанын көрсететін арнайы бағдарлама іске қосылмақ. Бағдарлама қазіргі уақытта сынақтан өтіп жатыр, ол Қазақстанда да, одан тыс жерден де ұрланған гаджеттерді табуға мүмкіндік береді.