Қазақстандық мектептерде гаджеттерді пайдалану мәселесін жабық деп санауға болады
Әрбір мектеп немесе мектепке дейінгі мекеме гаджеттерді пайдалануға рұқсат беруді немесе тыйым салуды өз бетінше шешетін болады
Білім және ғылым министрлігінің мәлімдеуінше, әрбір мектеп аталған мәселені өз бетінше шешуге құқылы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Смартфон, планшет немесе "ақылды" сағаттарды қолдануға рұқсат беру немесе тыйым салу мектептің ішкі тәртібіне байланысты. Ішкі тәртіп ережелерін, оның ішінде гаджеттерді пайдлану мәселесі бойынша шешімді мектеп басшылығы қабылдайды.