Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Шахтинскіде дүкенді жөндеу барысында тұрғын үйдің тіреу қабырғасы сүрілген

Қарағанды облысында кәсіпкер тұрғын үйдің ішіндегі бір аумақты дүкен етіп жөндеу барысында көпқабатты үйдің салмақ түсетін қабырғасын қиратып кеткен

Шахтинск қаласының кәсіпкері дүкен ашу үшін тұрғын үй астынан орын алып, ешқандай рұқсат қағазынсыз жөндеу жұмыстарын жүргізген, деп хабарлайды "Қазақпарат" ХАА сайты.

Соның салдарынан үйді тіреп тұрған қабырғалардың бірі қираған. Үй тұрғындарының сөзіне сүйенсек, дүкен астындағы пәтердің едені 3 см-ге дейін төмен түсіп кеткен. Осылайша, плинтус пен еден тақтайы арасында саңылау пайда болған.

Алаңдаулы тұрғындар қала әкімдігіне жүгінген. Сараптама көрсеткендей, қабырғаны сүріп тастағандықтан еден түсіп кеткен.

- Қабырға бастапқыда кедергі келтірмеген. Сауда алаңы шағын ғана, онда тоңазытқыш пен сөрелерді сыйдыру керек еді. Сондықтан қабырғаны сүру керектігін жөн деп таптым. Бірақ ол үшін рұқсат алу керектігін білмедім. Бейкәсіби құрылысшыларды жалдадым. Олар бұл қабырғаға салмақ түсіп тұрмағанын, тек көлденең қабырға екенін айтты, - дейді кәсіпкер.

Дүкен иесіне айыппұл салынып, өз қаражатынан қабырғаны қайта қалпына келтіру міндеттелді. Қазір дүкен ішінде уақытша тіреу қойылған.


Следующая →