Қазақстандық өрт сөндірушілер ресейлік әріптестеріне көмектесті
Ресей өрт сөндірушілері Орынбор облысындағы өртті сөндіру үшін қазақстандық өрт сөндірушілерден көмек сұраған
Ақтөбе облыстық ТЖД-ға Ресейден өртті сөндіруге көмек көрсету туралы өтінішхат келіп түскен, деп хабарлайды "Қазақпарат" ХАА сайты.
- ТЖД-ға Орынбор облысында құрғақ шөп өртеніп, елді мекендерге қауіп төндіруі мүмкін екендігі туралы хабар түсті. Өртті сөндіруде мамандар күші мен құралдар сұралды, - деп мәлімдеді мекеме.
Ақтөбе облыстық ТЖД мен РФ ТЖМ бас басқармасымен жасалған келісімге сай, қазақстандық өрт сөндірушілер ресейлік әріптестеріне көмек қолын созды. Тілсіз жауды ауыздықтауға 36 қызметкер мен 4 бірлік техника жіберілді.