Қазақстанда жоғары білікті мамандар жетіспейді
Қазақстандық компаниялар соңғы уақыттарда өздері қойған талаптарға сай жоғары білікті мамандардың жетіспеушілігін сезінуде
Елдегі жалақысы жоғары мамандықтардың бірі – жоғарғы менеджмент, деп хабарлайды "Қазақпарат" ХАА сайты. Алайда дәл осы салада мамандар жетіспеушілігі сезілетін көрінеді.
Сонымен қатар, инженерлер мен IT-мамандар жетіспейді. Қазақстандық компанияларға ұжымды сауатты басқаруға қабілетті басқарушылар да қажет.