Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстандықтар онлайн арқылы қалааралық автобустардың қайда жүргенін көре алады

Қазақстанда жолаушылар автобусын электронды бақылау жүйесі енгізіледі

Әрбір жолаушы халықаралық және облысаралық тасымалда жүрген автобустар туралы толық мәлімет біле алады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Дәурен Сәбитов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

- Жолаушылар тасымалы саласы өте маңызды. Бұл салада Көлік комитетінің құзыретіне халықаралық және облысаралық тасымалдар кіреді. Яғни, бұл автобустар қалалардың ішіндегі автостансадан өткендіктен, жолаушылар автобустардың қай жерде келе жатқанын, автобус маркасы мен оның жүргізушісі жөнінде, жылдамдық көрсеткіші туралы біле алады. Осы орайда, қажетті нормаларды заңнамаға енгіздік. Бұл ретте тиісті жұмыстарды атқарып жатырмыз, - комитет өкілі.

Оның сөзіне қарағанда, тасымалдаушылар өздерінің автобустарын аталған жүйемен және қажетті құрылғылармен жабдықтауға міндетті.

- Осы құрылғылардан алынған мәліметтерді біздің ахуалдық орталық пен мониторинг жүйемізге беруі қажет. Сондықтан цифрлық бағдарлама аясында осы жұмыстарды іске асырудамыз. Сәйкесінше, жылдың соңына дейін бұл жүйені енгізуді жоспарлап отырмыз, - деп түсіндірді Дәурен Сәбитов.

Следующая →