Қазақстанда көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы куәлікті бермей қойғандар анықталды
200-ден аса жүргізуші куәлік болмаған соң, кеденнен өте алмай қойған
Талдау сынақ зертханаларының Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығының (бұдан әрі – Орталық) хатына сілтеме жасай отырып, мұндай көлік құралдарына қауіпсіздік туралы куәліктер беруден бас тартқанын көрсетті.
- Бұл әрекеттер 244 жеке және заңды тұлғаның көлік құралдарын кедендік ресімдеуіне кедергі келтірген.Сондай-ақ Орталықтың нұсқауы бойынша 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген куәліктердің күшін жою жоспарланған, бұл тағы 17 209 автокөлік иелерінің құқықтарын жаппай шектеуге әкеп соқты, - дейді мекеме.
Расында, «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының Техникалық регламенті 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына айналымға апат кезінде шұғыл жедел қызметтерді шақыру құрылғыларымен жабдықталған көлік құралдарын шығаруды бұйырады.
Әйтсе де, ел аумағына мұндай құрылғысыз автомобильдерді әкелуге тыйым салынбайды, себебі олар сертификатталған дилерлік орталықтарда орнатылуы мүмкін.