Сенаторлар: Астанаға су астында қалмауы тиіс
Бір айда жауатын жауын Астанада бір күнде жауып, қаланың ішін тасқын суға айналдырды
Қала билігі де Астананың қалың жауған жауын-шашынға төтеп бере алмайтынын анық сезінді.
- Елбасы Астана қаласында нөсер, кәріз желісін көптеп салуды тапсырса да, жауын суынан құтылудың амалы әлі жасалған жоқ. Қала тұрғындары зиян шегуде, ал Қазақстанның астанасы әлем елдері алдында абыройы түсуде, - дейді парламент сенаторы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сенатордың сөзіне қарағанда, астананың бұл мәселесін осыдан 20 жыл бұрын шешу керек болатын. Сондықтан сенаторлар шұғыл іске кірісуді ойлап отыр.