Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Алматы әкімшілігі "Қазақфильм" киностудиясының жерін алатын болды

"Қазақфильм" Алматы әкімдігінің 5,5 га астам жерді киностудиядан заңсыз тартып алғалы жатқанын мәлімдеді

Алматы әкімдігі Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ-дан 5,5 га жерді заңсыз тартып алмақ, деп хабарлады ҚазТАГ сайты киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Алматы қаласының әкімшілігі "Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы" КММ мәжбүрлі түрде"Қазақфильмнің" жер учаскесінен 5,5482 гектарды "Ethnoland" ұлттық-мәдени кешен салу мақсатында тартып алмақ. . (…)жер учаскесін бөліп алу ҚР жер заңнамасын тікелей бұзу болып табылады, - деп хабарлады бейсенбіде "Қазақфильмнен".

Осы ретте Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ аталған іске қатысты бұл шешіммен келіспейтінін айта отырып, Жер кодексінің 84 бабы 2 т. 4 т. В алға тартады: "Жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн ерекше жағдайларда, бұл мұқтажды өзге де тәсiлмен қанағаттандыру мүмкiн болмаған және мүлiктi меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының келісімімен тең құны өтелген кезде не сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп иелiктен шығарылуы мүмкін. Автомобиль және темір жолдардың құрылысы (реконструкциясы), әуежайлар, әуеайлақтар, аэронавигация объектілерінің және авиатехникалық орталықтардың, теміржол көлігі объектілерінің, көпірлердің, метрополитендердің, тоннельдердің, энергетика жүйелері мен электр тарату желілері, байланыс желілері объектілерінің, ғарыш қызметін қамтамасыз ететін объектілердің, магистральдық құбырлардың, инженерлік-коммуникациялық желілердің, стратегиялық объектілерге жататын мұнай өңдеу өндірісі объектілерінің, концессиялық жобаларды іске асыру, елді мекендердің ортақ пайдалануындағы объектілердің құрылысы (реконструкциясы) және тағы басқа.

- Оның үстіне, уақытша жер учаскесін пайдалану құқығы туралы 2010 жылы қабылданған жер актісінде, киностудияға 50 жылға жалға берілген жер телімі бөлінбейтін деп көрсетілген, - делінген хабарда.

Айта кетелік, Алматы қаласының әкімшілігі тартып алғалы жатқан учаскеде "Қазақ хандығы" сериалының декорациясы бірнеше жылдан бері тұр. Аталған декорация бүгінгі таңда тек Қазақстан кинематографистерінің емес, сонымен қатар, шетелдік киногерлер пайдасына да жарап тұр. Және де аталған учаскеде ауқымды тарихи "Томирис" (бас продюсері Әлия Назарбаева, режиссері Ақан Сатаев, "Қазақфильм" және "Сатайфильм" өндірісі) атты картинасына арналған декорация соғылып жатыр. Оның түсірілімдері қыркүйек айында басталғалы отыр.

- Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ аталған территориясындағы бар декорациялардан бөлек, басқа да фильмдерге арнап түсірілім алаңдарын тұрғызбақ. Атап айтқанда, "Елбасы жолы" киноэпопеясының "В эпицентре мира" атты фильмі және де басқа да маңызы зор көркем туындылар, - деп атап өтті киностудиядан.


Следующая →