Алматы мектептері бірыңғай тамақтану стандартын енгізбекші
Қазақстанда алғаш рет Алматы мектептерінде арнайы әзірленген бірыңғай тамақтану стандартты қолданады
Алдағы оқу жылынан бастап Алматы мектептептерінде мектеп оқушыларына арналған дұрыс тамақтанудың бірыңғай стандарттары енгізілуде, деп хабарлайды Қазақпарат сайты.
- Төрт апталық мәзір Қазақ ұлттық тамақтану академиясының мамандарымен бірге және Ұлттық денсаулық орталығымен бірлесіп әзірленді, - деп хабарлады денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.
Осы стандартты іске асыру мақсаты - салауатты өмір салтын сақтау және тамақтануды оңтайландыру арқылы денсаулықты нығайту болып табылады. Қаланың жалпы білім беретін ұйымдарында бірыңғай стандарттау тамақтанудың қауіпсіздігін, қол жетімділігін және сапасын қамтамасыз етуі тиіс.
Бірыңғай дұрыс тамақтану стандарттары оқушылардың үш жас (7-10 жас - 840 ккал, 11-14 жас - 951 ккал, 15-18 жас - 1020 ккал) тобында әзірленеді.