Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Ақтөбеде ауру адамға көмек берген шенеунік жұмыстан қуылуы мүмкін

Әдеп жөніндегі кеңес Ақтөбе облысындағы Фармация басқармасының басшысының орынбасарын бүйрегі ауыстырылған емделушіге көмек бергені үшін жұмыстан босатуды сұрады

Шенеунік ақтаулық емделушінің өмірі үшін маңызды дәріні алуға көмек берген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты. Бұл үшін шенеунік қызмет дәрежесін пайдаланды деп айыпталды.

Аталған істі Әдеп жөніндегі кеңес қарастырды. Бұл реттте талқылау ұзақ уақытты талап етті.

Шенеушік дәрішіден бүйрегі ауыстырылған адам өмірі үшін қажетті дәріні сұраған. Аталған дәрі адамдарға ауыстырылған ағзаны тойтарту үшін қажет. Ал дәріші өз кезегінде шенеуніктің өтінішін орындап, емделуші өзіне аса қажетті дәріні алған. Бұл ретте аталған дәрі басқа науқасқа жазылған.

Шенеунік адам өмірін құтқармақ мақсатта ғана бұл қадамға барғанын айтқан. Алайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет дәрі аса тапшы әрі Ақтөбедегі науқасқа қажет болуы мүмкін болғандықтан оның ісін қызмет дәрежесін пайдаланды деп балады. Осылайша шенеушік Ақтау тұрғынының өмірін құтқарып, Ақтөбе науқастың өмірін елемеген деп сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметшілер пайымдауда. 

Әдеп жөніндегі кеңес істі қарастыра келе, қызмет дәрежесін теріс пайдалануда адал ниет сылтауға жатпайды дей келе, шенеунікті жұмыстан босатуға кеңес берген.

Следующая →