Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Қазақстан ағымдағы айда екі мемлекеттік мерекені - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні және Құрбан айт мерекесін атап өтеді
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, мемлекеттік және ұлттық мерекелерді атап өту күндері мерекелік күндер деп танылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Конституция күніне орай күнтізбеде демалыс деп белгіленген 30 тамыз биыл бейсенбіге сәйкес келеді. Сол себепті, сенбі 25 тамыз - жұмыс күні деп жарияланып, ондағы демалыс 31 тамыз, жұмаға ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар 30-31 тамыз (бейсенбі, жұма) және 1-2 қыркүйек (сенбі-жексенбі) күндері қатарынан 4 күн демалады.
Құрбан айттың алғашқы күні 21 тамызға, сейсенбіге түсіп тұр. Бұл күн жұмыс режімдеріне және пайдаланылатын ауысулар кестесіне қарамастан, демалыс күні деп бекітіледі.