Өскемен
ясно
+3°
  • Өскемен
    +3°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +11°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +17°
$
479.23
534.96
¥
68.35
5.16
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда бірыңғай оқырман билеті жасалуы мүмкін

Қазақстанда барлық кітапханаларға бірыңғай оқырман билетін енгізу көзделіп отыр

«Рухани жаңғыру» және «100 жаңа есім» жобалары жаңа идеялар мен креативті іздестіруге бағыттап, халықты ынталандыра түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.

- Біз қазір Қазақстан бойынша бірыңғай оқырман билеттерін жасау үшін арнайы жұмыстар атқарудамыз. Оқырман әр кітапханаға өтініш жазып, жаңадан билет алудың қажеті не? Оның орнына бүкіл жерге бір билетті тіркеуге болады. Бұл бағытта шетелдік кітапханалармен ынтымақтастық орнатуды көздейміз, - деді ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы директорының міндетін атқарушы Нұржан Жолдыбалинов.

Оның айтуынша, Қазақстанда 107 мыңнан астам кітап атаулары жарияланған.

- Дәл қазір бұл кітаптардың барлығын электрондық кітапханаға енгізуді ойлап отырмыз. Сондай-ақ, оқулықтарды латын графикасына аударудамыз. Себебі келер ұрпақ латын әліпбиінде білім алатын болады. Мысалы, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының цифрлық нұсқасын алатын болсақ, оны кириллицамен де, латын тілінде де оқуға болады. Кітапты бірден латын графикасына аударуға болады. Бұл келешек оқырмандарымыз үшін өте ыңғайлы болмақ, - деді Нұржан Жолдыбалинов.

Следующая →