Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Астанада тоқыма тоқу фестивалі өтеді

16 тамызда Астанада «Йога мозга XXI века» («ХХІ ғасырдағы ми йогасы») атты алғашқы тоқу фестивалі өтеді

Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы ұйымдастыратын шара орталық қалалық саябақта серуен форматында өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Фестиваль бізбен және ілгекпен тоқуға әуес жандардың басын қоспақ, шараға аталмыш қолөнерге жаңадан қосылғандар да, тоқумен кәсіби айналысатындар да қатысады. Жаңадан келгендер үшін тоқу, жіп иіру және киіз басудан тегін шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.

- Мен адамдарға тоқуды үйретемін. Бұл да өзіндік бір терапия, ол біреулерге зейінін шоғырлауға және қиындықтар мен мәселелерді жеңуге көмектеседі, ал басқалары үшін тоқу – табыс табудың жалғыз жолы. Астана қаласының әкімдігінің қолдауының арқасында тоқу фестивалін өткізгелі отырмыз, мұнда ниет білдірген жандардың барлығы, жасына, денсаулығына және кәсібіне қарамастан, тоқуды үйренеді немесе жетілдіреді, - деді Рахима Мұқышева.

Үш күн бойы сағат 13:00-ден 20:00-ге дейін фестиваль аумағында әлеуметтік жұмыстар көрмесі өтеді, сондай-ақ, туындыларды сатып алуға болады. Атап айтқанда, Bergen шеберханасының жұмыскерлері мен басқа да шеберлер өз қолдарымен тоқыған кардигандар, сөмкелер, мохер кофталар сатылады.

Следующая →