Қазақстанда 5G желісі тестілеуден өтеді
2019 жылдың екінші жартысында бесінші буын жиілігімен жаңа кеңжолақты қосылыс Қазақстанның бірқатар аймақтарында сыналады
Қазақстанда 5G желісінің пайда болу мерзімдері туралы мәліметті ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
- Келесі жылы Шарм-эль-Шейхте Халықаралық электробайланыс одағы бүкіл әлем бойынша 5G іске асырылатын стандарттарды қабылдайды. Біз бұл жұмысты халықаралық телекоммуникациялар одағымен қорытындылаймыз және стандарттар анықталатын болады, - деді ол.
Сынақ режимінде 5G желісі Қазақстанның бірқатар аймақтарында жүзеге асырылатын болады. Министрдің айтуынша, жаңа желі Астана, Алматы, Алматы және Ақмола облыстарында сыналмақ.