Қазақстандықтар халықаралық сүңгуір жиынына қатысты
Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы Ыстықкөлде сүңгуірлердің жиынын өткізді
Жиынға Қырғызстан, Ресей, Грузия, Өзбекстан, Моңғолия, Индонезия елінің сүңгуірлері қатысты, деп хабарлайды "Қазинформ" ХАА.
Жиынның мақсаты – құтқару мамандарының біліктілігін арттыру. Оқуға келген мамандар бір-бірімен танысып, серіктестік жайлы келісімдерге келді.
Жиын барысында мамандар суда жүзу құралдарымен танысып, 40 метрге дейін төмен түсті.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Международные водолазные сборы Водолазы Казахстана Водолазная подготовка