Алматы тауларында жас сарбаздарға арналған алғашқы шатырлы лагерь ашылды
"Сарбаз" лагерінде жазғы демалыс уақытында 7-17 жас аралығындағы 50 алматылық жас сарбаз таулы дайындықтан өтті
"Киров" қалалық әскери-патриоттық клубының қатысушылары ҚР мемлекеттік шекарасын қорғау бойынша даярлық курсынан өтті, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
Аталған лагерь Алматы қаласының Қорғаныс жөніндегі департаментінің, "Шығыс" шекара қызметі және ҚР ҰҚК ШҚА қолдауымен ашылған. Мақсаты – әртүрлі географиялық, психологиялық және әскери-дала жағдайында өзіндік жұмысқа дайындау.
Тақырыптар:
Летний лагерь "Сарбаз" Первый военный детский лагерь в Казахстане Военно-патриотический клуб "Киров"