Орал тұрғыны жәдігерлердің бірегей топтамасына ие
Ол Алтын Орданың туы, қылышы және басқа да артефактілерді қамтитын топтаманы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйламаққа ниетті
Әйелдің айтуынша, жәдігерлер XIII ғасырға тиесілі, деп хабарлайды Sputnik Kazakhstan
Оның айтуынша, жәдігерді асқан ұқыппен сақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған. Жәдігер иесі тіпті, мұраны Астанадағы музейлердің біріне қоюға тырысқан, бірақ экспонаттарды сақтау шарттарына қанағаттанбай артефактілерді кері қайтарып алған.
Қазіргі уақытта ол болашақ ұрпақ үшін қалатын ескі жәдігерді қалпына келтіруге жұмсайтын демеушілерді іздеуде.