ҚР ІІМ көлікті ЖПҚ қызметкерлерінің тоқтатуына тыйым салуға қатысты пікір білдірді
WhatsApp мессенджерін пайдаланушылар жол жүру ережелерін бұзғандарды жол-патрульдік қызметінің тоқтатуына тыйым салынғаны туралы ақпаратты таратып жүр
Яғни, таратылған ақпараттар бойынша жол-патрульдік қызметі енді әкімшілік хаттама толтыруға құзыретті емес, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
- Жол-патрульдік полициясының жол-көлік оқиғалары үшін әкімшілік хаттама толтыру қызметі алынып тасталды. Олар тек патрульдеп, профилактикалық қызмет жасап, жол жүру ережелерін бұзуды болдырмау және қылмысты ізін суытпай ашу жұмыстарын жүргізеді. Бүгінгі күннен бастап. Жол-патрульдік қызметкерлері тек өрескел заңбұзушылықтар кезінде ғана тоқтатуға құқылы (қарсы жолаққа шығып кету, қос жолақтан өтіп кету), - делінген таратылған хабарламады.
Алайда ҚР ІІМ бұл ақпаратты жоққа шығарды. Яғни, ЖПҚ қызметінде ешқандай өзгеріс жоқ.
- Жол-патрульдік қызметі қызметкерлерінің жұмысы штаттық режімде жүруде. Тарап жатқан хабарлама шындыққа жанаспайды, - деп хабарлады ІІМ.