Астанада Blind Race Astana–Paris халықаралық марафоны басталды
"Қазақ елі" монументі маңындағы алаңда зағип және көзі нашар көретін велосипедшілердің қатысуымен веложарыс марафоны өтті
Астана әкімдігінің сайтында хабарлағандай, марафон "Шекарасыз спорт" жобасының аясында өтеді.
Команда 16 адамнан тұрады, олардың 6-уы зағип және көзі нашар көретін адамдар.
Қатысушылар ұзындығы 6 мың шақырымнан астам жолды, 6 елді жүреді. Оның ішінде Ресей, Беларусь, Польша, Германия елдерін қамтиды.
- Біз мүгедектігі бар адамдардың шексіз күшін көрсету үшін, әрбір адам өз өмірін таңдағанын түсіндіру үшін жасаймыз. Біздің командамыздың ұраны - "Мақсат бар жерде - ешқандай кедергі жоқ", - дейді "Шекарасыз спорт" жобасының жетекшісі Бақтияр Базарбеков