Қазақстанда жұлдыздар жауыны күтіледі
Тамыз айында қазақстандықтар тамаша астрономиялық құбылыстың куәсі болмақ
23 шілдеден 20 тамызға дейін Жер шары жұлдыздар ағынынан өтеді, деп хабарлайды "Қазақпарат" ХАА сайты. Нағыз шарықтау шегі 12-13 тамызда деп күтілуде. Халықаралық метеорлық ұйымның болжауынша, биыл сағатына 100 метеоритті бақылауға болады. Атмосферада жанған метеориттер әдемі "жұлдыздар жауынын" тудырады.
Сонымен қатар, қазақстандықтар күміс түстік бұлттарды да тамашалай алады. Бұл да салыстырмалы түрде ерекше құбылыстардың бірі. Бұл сиретілген бұлттар Жер үстінің 76-85 шақырымында ымырт кезінде байқалады.