Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда бір адам зейнетақы алғысы келмейді

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова зейнетақы алудан бас тартқан қазақстандық елші туралы айтты

Бүгін үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында зейнетақымен қамсыздандыру туралы сөз қозғаған вице-министр 20 жыл бойы өз зейнетақысын алмаған Қазақстан елшісін мысалға келтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

- Мен қазір 20 жыл бойы бірде-бір рет зейнетақы тағайындауға жүгінбеген Қазақстанның төтенше елшісін мысалға келтіргім келіп отыр. Ол кісі қазір зейнетте. Ол "мемлекеттің маған бергені соншалық көп, мен зейнетақыға үміткер болғым келмейді, өз-өзімді қамтамасыз етемін" дейді. Бірақ біз оны өтініш жазуға көндіріп, зейнетақы тағайындадық,- деді Жақыпова.

Вице-министр зейнетақымен қамсыздандыруға жұмысшы, жұмыс беруші және мемлекет – үшеуі бірдей қатысуы керек екенін еске салды.

Следующая →