Шымкентта полиция бөлімшесінің алдынан бала табылды
Тәртіп сақшылары баланың ата-анасын іздестіруде, ал дәрігерлер баланың денсаулығын тексеруде
Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері ғимарат есігінің алдынан бала тауып алған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.
Бала, шамамен, екі жаста. Оның полиция бөлімшесінің алдында қалай тап болғаны әзірге белгісіз.
Тәртіп сақшылары баланы ауруханаға жеткізді. Оның денсаудық жағдайын дәрігерлер анықтап жатыр.
Баланың ата-аналары кім екені анықталу үстінде.