Қазақстанда зардап шегушілердің шығынын өтейтін қор құрылады
Қазақстанда зардап шеккендерге жылдам көмек көрсететін институт құрылмақ
Зардап шегуші бұл қордан өтемақыны қылмыскер не күдікті әлі ұсталмаған жағдайда ала алады. Ал күдікті ұсталған болса, онда шығынды оның өзінен өтеп алады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қор қаржысы ҚР ҚК-нің 46-бабындағы қылмыстық әрекеттен жапа шегіп, зәбір көргендерге беріледі.
Қылмыстық іске қатысы бар кінәлілерден мәжбүрлі түрде төлемақы алу арқылы қор қаржысы жиналатын болады. Оның сомасы 5-30 АЕК көлемінде.
Мұндай шара түрі 2018 жылдың 1 шілдесінен басып енгізілген. Екі жыл бойы қорға қаржы жиналып, 2020 жылдан бастап өтемақы төленетін болады. Қорға бір жылда 1 млрд теңге жиналуы мүмкін.