Мемлекеттік қызметшілер енді отандық автокөлікті таңдайды
Мемлекеттік органдар шетелден сатып алатын көліктерді азайтқан
«ҚазАвтоПром» заңды тұлғалар бірлестігінің директорлар кеңесінің төрағасы Олег Алферов автокөліктерді мемлекеттік сатып алудағы өзгерістер туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, Қазақстанда мемлекеттік қажеттіліктер үшін сатып алынатын шетелдік автокөліктер үлесі 12%-дан 5% -ға дейін төмендеді. Бұл өткен жылдың күзінен бері жалғасып келе жатқан тақырыпты белсенді талқылаудың нәтижесі болды. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, 2018 жылы мемлекеттік органдар сатып алған шетелдік автокөліктердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 есеге азайып, 4 млрд. теңгеден 677 млн. теңгеге дейін төмендеген.