Оқушылар латын қарпімен жазу жазып, сынақ тапсырады
Жаңа қаріппен жазу жазуға 300 оқушы қатысады
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылғы 20 шілдеде қазақ тілінің латын графикасына негізделген жаңа емле ережелері қанатқақты жобасының бастапқы сынамасын өткізеді, деп хабарлайды Айқын.
Бұл жоба қоғамдық пікірді зерттеу арқылы жаңа емле ережелерін әзірлеу барысында туындаған мәселелерді шешудің тиімді әдістерін анықтауға бағытталған.
Қанатқақты жобаның сынамасына Көкшетаудағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында демалып жатқан 6-9-сыныптар аралығындағы 230 оқушы қатысады. Сынама нәтижесінде, алынған статистикалық әрі сапалық мәліметтер емле ережелерінің жалпыхалықтық қолдауға ие нұсқасын әзірлеуге септігін тигізеді.
Уақыт қазақтың пайдасына жұмыс істеуі керек. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа емлені әртүрлі сынамадан жедел өткізу маңызды. Латын қарпі негізіндегі жаңа әліпби бетіне қарап отыратын жоба күйінде қалмауы тиіс. Жазуға, сөйлеуге, оқуға ыңғайлы біртұтас нұсқасы қалыптасқанда ғана латын қарпін пайдалану жеңіл болады.