"ТМД аруы-2018" сұлулық байқауының финалы Астанада өтеді
Осымен 22-ші рет ұйымдастырылып отырған байқау Елорда мерейтойына орай алғаш рет Астанада өтпек
27 шілде күні сағат 19.00-де "Қазмедиа орталығы" сахнасында "ТМД аруы-2018" сұлулық байқауының финалы өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.
Астанаға ТМД-ның 10 мемлекетінен байқауға қатысып бақтарын сынамақ мақсатта 19 қатысушы келді.
Ақтық сыңның өтуіне дейін аруларға қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихынан сыр шертетін арнайы бағдарлама ұсынылады. Сонымен қатар, байқау қатысушылары Астананың көрікті жерлерін тамашалап, мерейтойлық салтанатты шараларға және қайырымдылық акцияларына қатысады.
Қатысушылар финалда ұлттық киімдерін таныстырып, кешкі көйлекпен сахнаға шығады. Сондай-ақ, аталған бағдарламаға әлемдік эстрада жұлдыздары, атақты дизайнерлер қатысады.