Қазақстанда оқу ақысы арзандауы мүмкін
Елдің Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының баға саясатына еркіндік беретін заң жобасын қабылдады
Ал жаңа заң жобасы университеттегі оқу ақысының арзандауына мүмкіндік береді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа заңға сәйкес, университеттер мемлекеттік білім грантының оқу ақысына қарамай-ақ өздері баға қоя алады. Дегенмен, бұл заң жобасы оқу ақысын қымбаттатып жіберуі де мүмкін. Алайда министрлік қабылданған заңның оқу ақысын төмендетуге септігін тигізеді деп жорамалдап отыр.
Енді жоғары оқу орындары халықтың жағдайы мен қалтасына қарай, оқу ақысын төлей алу психологиясына қарай баға саясатын жүргізбек.